«Адамгершілікке жатпайды»: Нұрай Серікбайдың ағасы видео жариялады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Шымкентте Нұрай соты өтіп жатыр/фото: Серікбай отбасы архиві

Шымкентте қайтыс болған Нұрай Серікбайдың ағасы видео жариялап, айыпталушының соттағы мәлімдемесіне қатысты ойын айтты. 

Бұған дейін айыпталушы Шерхан Аймахан Нұрай Серікбаймен қыз-жігіт болып кездескенін, оған ақша беріп тұрғанын айтты. Одан бөлек Алматыға айына бір барып тұруымды талап етті деп мәлімдеді. Темекі тартуды Нұрайдан үйренгенін, қайғылы оқиға болған күні бірінші болып Нұрайдың пышақ сұққанын мәлімдеді.

«Сот отырысында айыпталушының айтқаны отбасымызға ауыр тиді. Нұрай жайлы лас сөздер айту, атын кірлету адамгершілікке жатпайды. Мұның бәрі айыпталушының жазадан қашу, жазасын жеңілдету әрекеті», – дейді Сұлтан Серікбай.

Шымкентте 2026 жылдың 11 қаңтары кешке 21 жастағы Нұрай Серікбайды танысы пышақтап, оқиға орнынан қашып кеткен. Күдікті арада екі күн өткенде ұсталды.

Оған Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылған:

  • 125-1-бап – «некеге тұруға мәжбүрлеу»;
  • 115-1-бап – «сталкинг»;
  • 99-баптың 2-бөлігі 5-тармағы  «аса қатыгездікпен адам өлтіру». 
Сондай-ақ оқыңыз