Алтынай Жорабаеваның қыз ұзатуда айтқан әні хит болды (видео)

Жарияланды 30 Шілде 2026 15:04

(жаңартылды 31 Шілде 2026 03:58)
Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business news бөлімінің аға журналисі t.bukharbaev@kursiv.media
Алтынай Жорабаева және ұзатылған қызы
Қыз ұзату тойы / фото: Instagram/Altynai Zhorabayeva, видеодан скриншот, ЖИ-мен өңделген

Танымал әнші Алтынай Жорабаева екінші қызы Айнараға арнап ән салды. Жаңа туынды сейсенбі күні қыз ұзату тойында алғаш рет орындалды. «Қызыма тілек» әні көпшіліктің көңілінен шықты.

22 жастағы Айнара Сәбитқызының ұзату тойы 28 шілдеде Алматы қаласында дүркіреп өтті. Ал одан бір күн бұрын құда күту, сырға салу рәсімдері ұйымдастырылды. Сейсенбі кешіндегі салтанатты тойда Алтынай Жорабаева Айнараны ортаға алып шығып, «Қызыма тілек» әнін орындады.

Жаңа шығарма әлеуметтік желідегі дүйім жұрттың көңілінен шықты.

«Қандай керемет ән. Сөзі жүрегіңе жетеді екен. Жастар бақытты болсын», – деп жазды бір қолданушы.

«Бақ ішінен аралап, сені ұнатты бағалап,

«Енді сенің бақытың жан-жарыңа аманат. – Сөзі қандай керемет. Авторға мың алғыс», – дейді тағы бір қолданушы.

Мәліметтерге қарағанда, қазірдің өзінде хитке айналып үлгерген әннің сөзін айтыскер ақын Данияр Алдаберген, әл әнін Нұршапағат Орынбасарқызы жазған.

Естеріңізге сала кетейік, Kursiv.Media бұған дейін Алтынай Жорабаеваның құдалары қалыңмалға 15 млн теңге алып келгені туралы жазған.

Сондай-ақ оқыңыз