
Канье Уэст атымен танымал америкалық рэпер Ye-нің Қазақстандағы концертіне бір апта қалды. Өнер көрсету 14 тамызда Алматының Орталық стадионында өтеді. Концертке қатысты қарбаласпен бірге алаяқтар да белсенді бола бастады.
Алматы қалалық полиция департаменті әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде концертке билет сату туралы хабарландыру орналастырған жас жігітті анықтады. Oл алаяқтық арам ойын іске асырып үлгермеді. Полиция оның әрекетін дер уақытында тоқтатты және ешкім зардап шекпеді.
Полиция бұл ірі музыкалық оқиға алдындағы күшейтілген бақылаудың нәтижелерінің бірі ғана екенін атап өтті. Қазіргі уақытта қызметкерлер жалған билеттерді сату әрекеттері мен басқа да алаяқтық схемаларды анықтау үшін әлеуметтік желілерді, хабарландыру сайттарын және басқа да интернет-площадкаларды тәулік бойы бақылауда ұстап отыр.
«Полицейлер қала тұрғындары мен қонақтарын билеттерді тек ресми сервистер арқылы сатып алуға, бейтаныс тұлғаларға ақша аудармауға және интернеттегі күмәнді хабарландыруларға сенбеуге шақырады», – деп еске салды Алматы қалалық полиция департаменті.
Тәртіп сақшылары «тиімді» бағалар мен шұғыл алдын ала төлем ұсыныстарына алданбауды ұсынады, өйткені ірі іс-шаралар қарсаңында интернет-алаяқтар жиі осындай схемаларды пайдаланады.
Бұған дейін, First Media Group Канье Уэсттің концертә 14 тамыз күні Алматының Орталық стадионында өтетінін хабарлаған еді.