
Қызмет барысында басына кондиционер құлап қайтыс болған Ұлдана Мырзуанның күйеуі қайтадан шаңырақ көтерді. Марқұм фельдшердің қазасынан 8 ай өтер-өтпестен Әділет Зейнелдің қайта үйленуі көпшілік талқысына түсті.
Әлеуметтік желілерде Әділет Зейнелдің ұзату тойда жас жұбайлар ретінде отырған видеосы тарады. Көпшілік оның бұл әрекетін түсінбей, сынап жатыр.
«8 айда әйелінің топырағы да кебіп үлгермеді ғой… Жатқан жері жайлы болсын, 8 айдан кейін күйеуге шығып кеткен жесір әйелді әлі көрмеппін», – деп жазады желі қолданушысы.
Кейбір желі пайдаланушылары Әділеттің 8 ай ішінде қалай жаңадан қыз тауып алғанына таңданыс білдіреді.
«Ұлданамен 2017 жылы танысып, 2025 жылы ғана үйленді. Ал енді арада небәрі 8 ай өтпей жатып қайта үйленгелі жатыр. Оның үстіне тойға дайындық, қызбен танысу деген бар. Сонда ол осының бәріне қашан үлгерген? Жылдық садақасы өткеннен кейін, Ұлдананың ата-анасының разылығын алып үйленсе де болатын еді ғой. Әлеуметтік желіде «20 жыл қасымда болғандай», «өмірімнің ең қымбат адамы» деп айтып жүрген адам үшін бұл тым ерте сияқты көрінеді», – деп жазады пікір иесі.
Бірқатар желі қоданушылары күйеуінің мәңгі қайғырып жүрмейтінін айтып, жастарға бақыт тілеп жатты.
Былтыр 8 қараша күні Астанадағы тұрғын үйдің қасбеті құлаған. Сол кезде көмекке келген екі фельдшердің басына кондиционер құлап, жалпы 5 адам жарақат алған. Екі фельдшер ауыр жағдайда ауруханаға түскен.
18 қарашада Ұлдана Қалдырханқызының қайтыс болғаны белгілі болды. Ауылдастары Ұлданның қүрметіне жергілікті амбулатория сыртына мемориалдық тақта орнатты.