Өскеменде қосымша жұмыс істеп жүрген жасөспірім қолынан айырылып қалды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Өндіріс орнында қосымша жұмыс істеп жүрген жасөспірім қолынан айырылды
фото: unsplash.com

Өскеменде құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорында жұмыс істеп жүрген жасөспірім ауыр жарақат алып қолынан айырылып қалды.

«YK-news.kz» сайтының дерегінше, кәмелетке толмаған бала компанияда еңбек шартынсыз жұмыс істеген.

«Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккен жасөспірімге нұсқаулық үйретілмеген, сондай-ақ еңбек шарты да жасалмаған. Қазіргі уақытта арнайы комиссия құрылып, оқиғаның мән-жайы зерттеліп жатыр», – деді Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің басшысы Бақытбек Қизатов.

Өңірлік Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қылмыстық кодекстің 156-бабы 2-бөлігі (Абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Айта кетейік, елде 5 мыңнан астам оқушы ресми түрде жұмыс істейді. Ал 14-18 жас аралығындағы 1,7 млн балаға жұмыс істеуге рұқсат берілген.

Сондай-ақ оқыңыз