Түркияның тағы бір компаниясы Қазақстанның әуе нарығына кіргелі жатыр

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
самолет ұшақ
Ұшақ аптасына екі рейс орынадайды / көрнекі фото: IATA

Түркияның SunExpress әуе компаниясы 31 шілдеден бастап Қазақстанның әуе нарығына кіреді. 

Әуе компаниясы Алматы – Измир бағыты бойынша тікелей жолаушылар рейсін орындайды. Көлік министрлігі хабарлауынша, рейстер аптасына 2 рет (сейсенбі, жұма) Boeing 737 типті әуе кемелерімен жүзеге асырылады.

Айта кетейік, Түркияның AJet әуе компаниясы Қазақстан мен Түркия арасындағы рейстер санын көбейтеді. Енді Алматыдан Анкараға ұшақтар күн сайын қатынайтын болады.

Сондай-ақ оқыңыз