Lifestyle

«Араб шейхы ақшадан шашу шашты». Алуа Қонарова жабық кештердегі лас тірліктер туралы

Алуа Қонарова
Алуа Қонарова жабық кештердегі лас тіртіктер туралы/фото: видео кадры/ AmanTasyganLIVE

Белгілі продюсер Алуа Қонарова журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында 2000 жылдардың басында доллардан түскен қаржыға мас болған қазақтар ақшаны қалай оңды-солды шашқаны туралы айтып берді.

Продюсер ол кездері сахнаға ашық-шашық киіммен шығу ұят болып көрінбегенін, бірақ Girls-бэндтер бай көкелер үшін әдейі құрылғандай әсер алғанын жеткізді.

«Ер адамдардың жабық кештері жиі болатын. Қазақтар мұнайдан долларлар түсіп, квазимемлекеттік секторларға басшылық ете бастаған кезде ақшаны оңды-солды шашатын. Маған сол кезде қыздар сондай сұғанақ көздер үшін құрылғандай көрінетін. Олар сол қыздарды сатып алатын. Менің міндетім сол қыздар жабық кештерден кейін сол жерде қалып қоймауын қамтамасыз ету болатын», – дейді ол.

Алуа Қонарова өзінің тұсында Рахат Лукум, Дауыс International топтары банкеттер мен жабық кештерде ән салғанымен, тек сахнада өнер көрсеткенін, топ қыздарын әрдайым қорғағанын атап өтті.

Сондай жабық кештердің бірінде зәулім үй деп барған жерлері екі қабатты үлкен сауна болып шыққан. Онда араб шейхы қыздар үшін дипломат толы ақша ұсынып, ақшадан шашу шашқанын, бәрінен бас тартып, қыздарды зорға алып қашып шыққанын еске алды.

Араб шейхы саунада ақша ұсынды | Алуа Қонарова - TALK LIKE