Алғашқы криптоайырбастау пункті Wintermute компаниясымен серіктестік орнатты

Жарияланды 1 Тамыз 2026 14:17

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business news бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Алғашқы крипто айынбастау пункті әлемдік компаниямен серіктестік орнатты Фото: shutterstock

Қазақстандағы алғашқы крптоайырбастау пункті – Pax Finance компаниясы Wintermute-пен стратегиялық серіктестік орнатқанын хабарлайды. Wintermute — цифрлық активтер нарығындағы ең ірі провайдерлердің бірі.

2017 жылы негізі қаланған Wintermute бүгінде әлем бойынша 70-тен астам криптобиржамен жұмыс істейді.

Күн сайын миллиардтаған доллар сауда операцияларын қамтамасыз ететін бұл компания өте ірі мәмілелер кезінде тиімді баға ұсынуымен танымал.

Осы ынтымақтастық арқасында Pax Finance клиенттеріне ірі сомадағы операция барысында пайдалы шарттар ұсынады.

Төлем жүргізу кезінде бағаның сырғуы (slippage) мейлінше азаяды. Оған қоса тәулік бойы кез келген көлемдегі транзакцияны кедергісіз жүзеге асыру мүмкіндігі бар.

«Pax Finance» компаниясы шілдеде Ұлттық банктің арнайы рұқсатын алып, Қазақстанда алғаш рет криптовалюта айырбастау құқығына ие болған. Осы компания криптовлаютаны ресми түрде сатып алып, сатып, сақтай алады.

Сондай-ақ оқыңыз