Миллиардер Ким мен Огай «Қазақмыстан» 400 млрд теңге дивиденд алды

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
«Қазақмыстан» миллиардерлер қомақты дивиденд алды / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Миллиардер Владимир Ким мен кәсіпкер Эдуард Огай былтыр сатқан «Қазақмыс» активтерінен 400 млрд теңге дивиденд алды. Kazakhmys Copper компаниясының акционерлеріне дивиденд төлейтіні туралы хабарлама Қазақстан қор биржасында орналастырылған.

«Kazakhmys Copper» (Қазақмыс Коппер) АҚ (KASE тикері – KMCP) 2026 жылғы 24 шілдеде 2025 жыл үшін жай акциялар бойынша дивиденд төледі. Бір акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері – 11,50 теңге, төлемнің жалпы сомасы – 399 615 581 365 теңге», делінген хабарламада.

Kazakhmys Copper – былтырға дейін «Қазақмыс» корпорациясына тиесілі ірі өндіріс орындарын басқарып келген компания. Ол 2016 жылғы 15 қарашада тіркелді. Қазір KCC Copper Limited компаниясына тиесілі.

KCC Copper Limited компаниясын миллиардер Владимир Ким мен Эдуард Огай 2025 жылдың күзінде құрған Владимир Ким 5,9 млрд доллар дәулетімен Қазақстандағы ең бай адамдардың тізімінде екінші орында тұр. Ал Эдуард Огай 650 млн доллармен 15-орынға жайғасқан. 

«Қазақмыс» корпорациясы 2025 жылдың желтоқсанында кәсіпкер Нұрлан Артықбаевқа тиесілі Qazaq Stroy компаниясының құрамына ресми түрде кірді. «Қазақмыс» корпорациясын иелігінен шығарған соң,  Kazakhmys Copper құрамында тек Qaz Copper Group ЖШС қалған. Ол  Ким мен Огайдың меншігіндегі 9 компанияны басқарады.

Сондай-ақ оқыңыз