Қазақстанда картоп, қызанақ және алма бағасы арзандады

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Қазақстанда картоп, қызанақ және алма бағасы арзандады
Қазақстанда картоп, қызанақ және алма бағасы арзандады / фото: kursiv.media

Елімізде апта ішінде бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы арзандады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

2026 жылғы 29 шілдедегі жағдай бойынша картоптың бағасы – 2,8%, қызанақ – 2,4%, алма – 1,9%, қияр – 1,2%, сәбіз, қаймақ және қара шай – 0,2%, сондай-ақ тауық еті, қатты және жартылай қатты ірімшік, майлылығы 2-3% айран – 0,1% арзандады.

Есепті аптада ұн, бірінші сұрыпты ұннан пісірілген бидай наны, жылқы еті, сүйекті сиыр еті, сондай-ақ майлылығы 2,2%-дан 6%-ға дейінгі пастерленген, ультрапастерленген және стерильденген сүт бағасы өзгеріссіз қалды.

Өңірлік бөліністегі бағаның жаппай төмендеуі

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы бағасы Павлодарда – 0,4%, Алматы, Шымкент және Ақтауда – 0,2%, Қонаев пен Қостанайда – 0,1%-ға төмендеді. Астана, Ақтөбе, Жезқазған, Көкшетау, Қарағанды, Қызылорда, Тараз және Түркістан қалаларында бағалар өткен аптаның деңгейінде сақталды.

Республика бойынша қиярдың орташа бағасы бір килограмына 495 теңгені құрады. Ең төмен баға Тараз қаласында тіркелді – бір килограмы 339 теңге.

Ел бойынша картоптың орташа бағасы бір килограмына 275 теңгені құрады. Ең төмен баға Түркістанда тіркелді – бір килограмы 219 теңге.

Республика бойынша І санаттағы жұмыртқаның орташа бағасы (10 дана) 567 теңгені құрады. Ең қолжетімді бағалар Оралда (475 теңге) және Қызылордада (477 теңге) тіркелді.

Бұған дейін ауыл мен қала тұрғындары ай сайын қанша келі көкөніс тұтынатыны белгілі болған еді.

Сондай-ақ оқыңыз