Сербияда 24 жастағы қазақ қызы көз жұмды: СІМ жағдайды бақылауға алды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Сербияда 24 жастағы қазақ қызы көз жұмды
Сербияда 24 жастағы қазақ қызы көз жұмды / фото: shutterstock.com

Сербияның Белгард қаласында 24 жастағы Қазақстан азаматы көз жұмды. Ақпаратты Сыртқы істер министрлігі растады.

Қазіргі уақытта Қазақстанның Сербиядағы Елшілігі жергілікті құзырлы органдармен бірлесіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

«Қазақстандық дипломаттар марқұмның туыстарымен де тұрақты байланыста болып, оларға барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетуде. Сыртқы істер министрлігі Сербияда қайтыс болған отандасымыздың туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады», – делінген хабарламада.

Марқұмның әкесінің айтуынша, қызы хабар-ошарсыз кеткеннен кейін ол Белградқа барып, оның қайтыс болғанын білген. Отбасы оқиғаның мән-жайын анықтап, денесін Қазақстанға жеткізуді жоспарлап отыр.

Мән-жайы

Туыстарының айтуынша, қыз Белградтағы тұрғын үйдің алтыншы қабатынан құлап қайтыс болған. Жақындары қайғылы оқиғаға мұқият тергеу қажет деп санайды, оның жазатайым оқиға емес екенін де жоққа шығармайды.

Марқұмның әкесі видеоүндеу жариялап, қызының өліміне қатысты сұрақтары бар екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, оқиғаға В. есімді жігіт пен бірнеше бойжеткеннің қатысы болуы мүмкін.

СІМ бұл мәселе ведомствоның бақылауында екенін хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыз