Audi «Гелендвагенмен» бәсекелесетін көлік шығармақ

Бірқатар БАҚ-тың хабарлауынша, Audi бренді Mercedes-Benz G-Class пен Land Rover Defender моделіне балама болатын қуатты жол талғамайтын көлік шығармақ.
2026 жылдың мамырында компания бұл сегментке қызығушылық танытып отырғанын ресми түрде растады. Autoreport.kz сайтының жазуынша, Motor1 порталы Audi ұсынуы мүмкін жаңа жол талғамайтын көліктің рендер фотосын жариялаған.
Сыртқы келбетіне тоқталсақ, Audi тік орналасқан радиатор торшасын, жіңішке фарларды, кеңейтілген қанат пен түбін қорғайтын металл пластинаны сақтап қалуы әбден мүмкін.
Сонымен қатар, жаңа модель брендтің қазіргі жол талғамайтын көліктеріне қарағанда клиренсі биік, кедергілерден өту бұрышы жақсартылған бамперлермен толығады. Оған қоса, дөңгелгі үлкен және төбесінде біріктірілген рейлингтері бар.
Техникалық сипаттамасы әлі ресми түрде жарияланған жоқ. Дегенмен, кейбір БАҚ Audi бұл орайда Volkswagen Group концернінің әзірлемелерін пайдаланатынын жазып жатыр.
Себебі неміс автоконцерні АҚШ-та Scout Motors компаниясын қайта жандандырып, америкалық нарыққа арналған электрлі жол талғамайтын көліктер шығармақ.
Бұған дейін Audi өз тарихындағы ең үлкен кроссовер – Q9-ды таныстырған.