FIFA өз бөлімшесінің 20 пайыз үлесін жеке инвесторға сату идеясынан бас тартты

Жарияланды 1 Тамыз 2026 12:57

Үмітжан Бакелекова

Үмітжан Бакелекова

Business news бөлімінің редакторы u.bakelekova@kursiv.media
Джанни Инфантино бастамасынан бас тартты / Фото: shutterstock

FIFA президенті Джанни Инфантино Әлем чемпионатын өткізетін жаңа бөлімшенің 20% үлесін жеке инвесторларға сату жоспарынан бас тартты. Өйткені бұл бастамаға ұйым мүшелері қарсы шықты.

FIFA өз бөлімшесінің 20 пайыз үлесін жеке инвесторға сату идеясынан бас тартты бұл келісім арқылы 4,2 миллиард доллар жинап, оны әлемдік спортты дамытуға жұмсауды көздеген еді. Алайда бұл бастама бірден үлкен қарсылыққа тап болды.

Еуропалық футбол одағы (УЕФА) турнирлерге бойкот жариялайтынын айтып, ФИФА-ны «спорттың жанын сатып жатыр» деп айыптады.

Сонымен қатар, бұл жобаға қарсылық ретінде Инфантиноның аға кеңесшісі де қызметінен кетті.

Осы келіспеушіліктерден кейін Инфантино бұл жобаның ұйымды біріктірудің орнына араға іріткі салғанын айтып, сату жоспары толығымен тоқтатылғанын хабарлады.

Бұған дейін Дональд Трамп ФИФА президентін БҰҰ-ның бас хатшысы қызметінде көргісі келетінін мәлімдеген.

Сондай-ақ оқыңыз