Гонконгтың Cathay Pacific компаниясы Қазақстанға транзит жүк жеткізеді

Гонконгтың ұлттық әуе тасымалдаушысы Cathay Pacific Cargo компаниясы Қазақстанға жүк тасымалдайды. Бұл туралы Астана әуежайы хабарлады.
Әлемдегі ең ірі жүк тасымалдаушылардың бірі енді елорда әуежайы арқылы Boeing 747 Freighter ұшақтарымен аптасына 5 рет транзиттік рейс орындайды.
Жаңа бағыт Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырып, Астана әуежайын халықаралық жүк хабы ретінде нығайта түседі.
«Жаңа бағыттың ашылуы Қазақстанның халықаралық жүк логистикасын дамытуға, елдің транзиттік әлеуетін арттыруға және Астана халықаралық әуежайының халықаралық жүк хабы ретіндегі рөлін нығайтуға тың серпін береді», -делінген хабарламада.
Жазғы демалыс кезеңінде пойыздар мен әуе рейстерінің саны артады. Астана мен Ақтаудан Ереванға жаңа әуе рейстерін ашу жоспарланып отыр.