Қазақ мұнайының 80 пайызын тасымалдайтын Каспий құбыры жұмысын тоқтататыны рас па

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Қазақ мұнайын тиеген танкерлерге шабуыл жасалды
Коноруциум жұмысын тоқтатпайды/ Фото:КҚК

Қазақстанның экспортқа шығаратын мұнайының 80 пайызын тасымалдайтын Каспий құбыр консорциумының (КҚК) жұмысы тоқтамайды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі хабарлайды.

«Жекелеген бұқаралық ақпарат құралдарында КҚК жұмысының толық тоқтатылуы мүмкін екені туралы ақпарат тарады. Алайда мұндай сценарий қарастырылып отырған жоқ», – делінген министрлік мәліметінде.

Министрлік мәліметінше, 31 шілде күні КҚК мұнай құбырының жұмысын уақытша тоқтатқан. Аладйа жүк жөнелтушілерден мұнай қабылданып жатыр. Бұл мұнай КҚҚ резервуарларына құйылған.

Ал 1 тамыздан тәулігіне 100 мың тонна мұнай қабылданып жатыр.

«Мұнайды тасымалдау көлемін одан әрі ұлғайту теңіз терминалында танкерлердің тиеуге уақтылы қойылуына байланысты болады. Энергетика министрлігі КҚК және жүк жөнелтушілермен тұрақты өзара іс-қимыл жүргізуде. Қалыптасқан жағдай тұрақты бақылауда», – деп тұжырымдайды министрлік.

Бұған дейін КҚК-ның Қара теңіздегі терминалдарында мұнай тиеп тұрған танкерлерге бірнеше рет дрон түскен еді. Соның салдарынан құбыр бір аптадай мұнай тиеуді уақытша тоқтатқан. Кейінне мұнай тиеу қайта басталды.

Жалпы алғанда, 2026 жылдың бірінші жартысында КТК теңіз терминалынан жөнелтілген мұнай көлемі 33,4 миллион тоннаны құрады. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен (36,025 миллион тонна) салыстырғанда төмен.

Сондай-ақ оқыңыз