Lifestyle

TikTok-тың тікелей эфирінде бейәдеп сөз айтқан әйелге айыппұл салынды

Желіде бейәдеп сөз айтқандар ұсталып жатыр / Фото: shutterstock

TikTok желісіндегі тікелей эфирде бейәдеп сөз айтқан әйел айыппұл арқалады. Бұл туралы Жетісу облыстық полициясы хабарлады.

Құқық бұзушы Талдықорған қаласының 44 жастағы тұрғыны Гүлмира Касенова болып шықты.

Тексеру барысында оның бұған дейін де тікелей эфирде боқтағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Соған қарамастан, ол заң талаптарын қайта бұзған.

«Жиналған материалдар сотқа жолданып, сот қаулысымен азаматша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл түріндегі жаза тағайындалды», – делінген

Бұған дейін TikTok пен Instagram-да былапыт сөз айтқандар 20 тәулікке дейін қамалып жатқаны хабарланған.

Сондай-ақ, маусым айының басында танымал хип-хоп орындаушы, рэпер Нұрғиса Әнуарбеков сахнада былапыт сөз айтқаны үшін ұсталған-ды. Оны көпшілік Nurik Smit лақап атымен таниды.