Астанада кейбір көшеде газ уақытша өшіріледі

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Астанада кейбір көшеде газ уақытша өшіріледі / Фото: Depositphotos.сom

Астанада 4 тамызда газ беру ішінара өшіріледі, деп хабарлады қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы.

Елордада жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты сағат 9.00-ден 18.00-ге дейінгі аралықта келесі көшелерде газ беру тоқтатылады:

  • Весенняя;
  • Оңдасынов;
  • Тайбеков;
  • Алпамыс батыр;
  • Досмұхамедұлы;
  • Меңдешев;
  • Марғұлан;
  • Темірқазық;
  • Қараөткел;
  • Тобылғысай;
  • Толағай;
  • Арай;
  • Ғарышкерлер;
  • Маржансу.

Тұрғындардан үйге кіретін газ құбырында орналасқан сыртқы газ шүмектерін жауып қою сұралады. Бұл есептеуіш құралдары мен жабдықтардың зақымдануын болдырмауға көмектеседі.

«Жұмыс аяқталғаннан кейін абоненттерге газ берудің қайта басталғаны туралы қосымша хабарлама жіберіледі. Маңызды: жұмыстар аяқталғанға дейін сыртқы газ шүмектерін өз бетінше ашуға тыйым салынады, өйткені бұл газ есептегіштері мен газ жабдықтарының зақымдануына әкеп соғуы мүмкін», – делінген хабарламада.

Қосымша ақпарат алу үшін абоненттер «QazaqGaz Aimaq» АҚ апаттық-диспетчерлік қызметіне +7 (7172) 55-89-76, +7 (705) 597-02-04 (WhatsApp) телефондары арқылы хабарласа алады.

Сондай-ақ оқыңыз