Елде темекі бағасы қымбаттады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Баға жаңа жылда да қымбаттайды/фото: unsplash.com

Қаржы министрі темекі, папирос, сигарилла және қыздырылатын темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы бұйрыққа өзгерістер енгізді. 

Соған сәйкес енді 20 данадан тұратын бір қораптың ең төмен бағасы 1 060 теңге болды. Бұған дейін 970 теңге болған.

Ал 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі баға 1 120 теңгеге дейін көтеріледі.

Айта кетейік, бір жылда салыстырмада сүзгісі бар темекілер 12,2%-ға қымбаттады. Ең жоғары өсім мына өңірлерде байқалды:

  • Маңғыстау облысында 19,9%-ға;
  • Атырау облысында 15,8%-ға;
  • Қызылорда облысында 14,1%-ға қымбаттады.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында (әрқайсысында 13,6%-дан) және Ақмола облысында (13,4%) бағаның айтарлықтай өскені байқалды.

Сондай-ақ оқыңыз