Lifestyle

Криштиану Роналдудың қашан және қай жерде үйленетіні белгілі болды

Криштиану Роналдудың қашан және қай жерде үйленетіні белгілі болды / Фото: Instagram

Британдық The Sun таблоидының хабарлауынша, атақты португалиялық футболшы Криштиану Роналду мен сүйіктісі Джорджина Родригес осы сенбіде, 8 тамызда үйлену тойын өткізеді.

Басылымның мәліметінше, рәсім футболшының отаны – Португалияның Мадейра аралында өтуі мүмкін. Неке қию рәсімі үшін Фуншал қаласындағы собордың брондалып қойғаны айтылуда.

Үйлену тойы Родригестің бұрыннан қалағанындай, қарапайым өтеді деп күтілуде. Жақында жанкүйерлер жұптың яхтада демалып жүрген кезінде саусақтарынан неке жүзіктерін байқап қалған.

Үйлену тойы туралы қауесеттердің тарағанына бірнеше апта болды. Бұған дейін көптеген шетелдік БАҚ жұптың тамыздың алғашқы демалыс күндері жасырын рәсім өткізуді жоспарлап отырғанын жазған еді.

Айта кетейік, осыған дейін Желіде Криштиану Роналду мен сүйіктісі Джорджина Родригес 1 тамызда үйлену тойын жасайтыны туралы ақпарат тараған еді. Алайда Испанияның Hola! басылымы бұл ақпаратты жоққа шығарды