
Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында түрік тіліндегі «Yazgı» («Жазмыш») атты жаңа авторлық әнінің жарыққа шыққанын сүйіншіледі.
Әнші жаңа туындысының шығуына байланысты оқырмандарына жүрекжарды сөзін арнап, әлемнің түкпір-түкпіріндегі фан-клубына (dears) алғысын білдірді:
«Бізді бала кезімізден «Әнші өз аудиториясының сүйіспеншілігіне ие болуына ұмтылу керек», – деп үйретті. Бірақ әншінің негізгі аудиториясы кейде әлемнің арғы жағында болатынына көзім жеткелі біраз уақыт болды. Сондықтан түрік тіліндегі «Yazgı» («Жазмыш») атты жаңа әнім бүгін жарыққа шықты. Әлемнің түкпір-түкпірінен қолдап жүрген барлық dears-тарға соңғы 10 жыл ішінде әрқашан жанымда болғандарыңыз үшін рахмет! Сіздер – менің жұмысымды жалғастыруымның себебісіздер», – деп жазды Димаш.
Бұған дейін, Димаш «Ақерке» халық әніне жаңа бейнебаян түсірген еді.