Өскеменде көпірден секірген ер адамның мәйіті екі аптадан кейін табылды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Өскеменде көпірден секірген ер адамның мәйіті екі аптадан кейін табылды / Фото: Shutterstock

Өскеменде 20 шілдеде Ертіс өзеніндегі көпірден секірген ер адамды іздеу аяқталды, мәйіт оқиға орнынан жиырма шақырым жерден табылды.

Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлауынша, қаза тапқан азамат 44 жаста болған.

«Ер адамның мәйіті Прапорщиково ауылы маңындағы Ертістің тармақтарының бірінен, оқиға орнынан шамамен 21 шақырым жерден табылды», – деп хабарлады ведомство.

Іздеу операциясы күнделікті жүргізілді. Құтқарушылар жүзу құралдары мен ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып, акватория мен жағалау аумағын тексерді. Іздеу барысында сүңгуірлер су астына 26 рет түсті.

Айта кетейік, осыған дейін СҚО-ның 20 жастағы тұрғыны Есіл өзеніне секіру кезінде қаза тапқанын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз