Қазақстанда бір күнде 13 орман өрті болды

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Қазақстанда бір күнде 13 орман өрті болды / Фото: Shutterstock

3 тамызда Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында 13 орман өрті тіркелді, деп хабарлады Экология министрлігі.

Өрттер қай жерде болды:

  • Шығыс Қазақстан облысы – екі өрт;
  • Қарағанды облысы – бір өрт;
  • «Марқакөл» мемлекеттік табиғи қорығы – бір өрт;
  • «Қорғалжың» мемлекеттік табиғи қорығы – бір өрт;
  • «Баянауыл» МҰТП – бір өрт;
  • «Қарқаралы» МҰТП – екі өрт;
  • «Ертіс орманы» МТОҚ – екі өрт;
  • «Семей орманы» МТОҚ – екі өрт;
  • «Жасыл аймақ» РМК – бір өрт.
Экология министрлігінің иллюстрациясы

Өрт ошақтары «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің авиациялық патрульдеуі кезінде, сондай-ақ орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің көмегімен анықталды.

«Өртті сөндіруге «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның су төгу құрылғысымен жабдықталған Ми-8 тікұшағы, авиаөртке қарсы қызмет, сондай-ақ, мемлекеттік орман күзетінің күштері мен құралдары тартылды. Қазіргі уақытта бірқатар өңірде жекелеген өрт ошақтарын толық жою бойынша жұмыстар жалғасуда», – деп хабарлады Энергетика министрлігі.

Күннің ысуы мен найзағайлы фронттардың өтуіне байланысты елде өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталып тұр.

Сондай-ақ оқыңыз