
3 тамызда Қазақстанның мемлекеттік орман қоры аумағында 13 орман өрті тіркелді, деп хабарлады Экология министрлігі.
Өрттер қай жерде болды:
- Шығыс Қазақстан облысы – екі өрт;
- Қарағанды облысы – бір өрт;
- «Марқакөл» мемлекеттік табиғи қорығы – бір өрт;
- «Қорғалжың» мемлекеттік табиғи қорығы – бір өрт;
- «Баянауыл» МҰТП – бір өрт;
- «Қарқаралы» МҰТП – екі өрт;
- «Ертіс орманы» МТОҚ – екі өрт;
- «Семей орманы» МТОҚ – екі өрт;
- «Жасыл аймақ» РМК – бір өрт.

Өрт ошақтары «Қазавиаорманқорғау» мекемесінің авиациялық патрульдеуі кезінде, сондай-ақ орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің көмегімен анықталды.
«Өртті сөндіруге «Қазавиаорманқорғау» РМҚК-ның су төгу құрылғысымен жабдықталған Ми-8 тікұшағы, авиаөртке қарсы қызмет, сондай-ақ, мемлекеттік орман күзетінің күштері мен құралдары тартылды. Қазіргі уақытта бірқатар өңірде жекелеген өрт ошақтарын толық жою бойынша жұмыстар жалғасуда», – деп хабарлады Энергетика министрлігі.
Күннің ысуы мен найзағайлы фронттардың өтуіне байланысты елде өрт қаупінің жоғары деңгейі сақталып тұр.