Құрылтай сайлауы бюллетені қандай болады (фото)
Жарияланды

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауында дауыс беруге арналған бюллетеньді таныстырды.
Бюллетеньде сайлауға қатысатын жеті саяси партияның атауы жазылған. Олар:
- «Әділет» партиясы,
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия,
- Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы,
- Қазақстан Халық партиясы,
- «Ауыл» партиясы,
- «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы,
- «Respublica» партиясы.

Сонымен қатар сайлаушылар үшін «Бәріне қарсымын» деген жеке таңдау нұсқасы да қарастырылған.
Айта кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 23 шілде 18:01-де басталды, 22 тамыз 00:00-ге дейін жалғасады.
- 22 тамыз – тыныштық күні.
- 23 тамыз – сайлау күні.
Дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы толтыру жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады.