Қоғам

Құрылтай сайлауы бюллетені қандай болады (фото)

Құрылтай сайлауы 23 тамызда өтеді/фото: Серикжан Ковланбаев

Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауында дауыс беруге арналған бюллетеньді таныстырды.

Бюллетеньде сайлауға қатысатын жеті саяси партияның атауы жазылған. Олар:

  • «Әділет» партиясы,
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия,
  • Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы,
  • Қазақстан Халық партиясы,
  • «Ауыл» партиясы,
  • «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы,
  • «Respublica» партиясы.

Сонымен қатар сайлаушылар үшін «Бәріне қарсымын» деген жеке таңдау нұсқасы да қарастырылған.

Айта кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 23 шілде 18:01-де басталды, 22 тамыз 00:00-ге дейін жалғасады.

  • 22 тамыз – тыныштық күні.
  • 23 тамыз – сайлау күні.

Дауыстарды санау және дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманы толтыру жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады.