
Қазақстан қор биржасында теңге долларға қатысты нығайып жатыр. 3 тамыздағы сауда қорытындысында USD/KZT бағамы 473,65 теңге болған. Ал 4 тамыз күні сағат 14:57-де соңғы мәміле бағасы 471,50 теңгені көрсетті. Осылайша, доллар бір күнде 2,15 теңгеге немесе 0,45%-ға арзандады. Сауда барысында бағам 471–473,64 теңге аралығында өзгерді. Мәмілелер көлемі 339,7 млн долларды құрады.
Kurs.kz сайтында көрсетілген Алматыдағы айырбастау пункттерінің біріндегі ағымдағы бағам бойынша, долларды 472 теңгеден сатып алып, 474,70 теңгеден сатып жатыр. Ресей рублінің сатып алу бағасы – 5,61 теңге, сату бағасы – 5,73 теңге. Қытай юані тиісінше 69 теңгеден сатып алынып, 71,30 теңгеден сатылып жатыр.