
Қазақстандықтар кейінгі бір жылда депозиттен бұрын-соңды болмаған жоғары табыс алып келді. Банктердің кейбірі салымшыларға жылына 20–20,5%-ға дейін сыйақы ұсынды. Алайда нарықтағы жағдай біртіндеп өзгере бастаған сияқты.
Бас банк өткен айда базалық мөлшерлемені кезекті мәрте түсіріп, 17,00%-дан 16,75%-ға дейін төмендеткен еді.
Алғашқы анық белгі Kaspi-ден келді. 5 тамыздан бастап банктің жинақтаушы депозиті бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 20%-дан 19%-ға төмендейді. Номиналды мөлшерлеме 17,5% болады.
Басқа банктерде жағдай қалай?
Kaspi мөлшерлемені төмендеткенімен, нарықта 20%-ға жуық табыс ұсынатын депозиттер әлі бар. Қазіргі ұсыныстардың арасында:
Қазақстан банктері депозитке қанша пайыз ұсынады?
Теңгедегі депозиттер бойынша ең жоғары жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемелері
Бірақ тек пайызға қарап шешім қабылдау дұрыс емес. Кей депозитті толықтыруға болмайды, кейбірінен ақшаны мерзімінен бұрын алсаңыз, есептелген сыйақыдан айырылып қаласыз. Сонымен бірге банктер ең төменгі салым сомасын немесе шотта қалуы тиіс қаражат көлемін белгілейді.
Сәуірде 20 пайыздық депозиттер қалыпты көрсеткіш еді
Bank RBK-тің алты айлық Safe депозиті, KZI Bank-тің үш айлық салымы, Home Credit Bank пен Нұрбанктің алты айлық жинақ депозиттері бойынша тиімді мөлшерлеме 20% болған.
Freedom Bank алты айға 19,7%, Еуразиялық банк 19,1%, Bank RBK үш айға 19% ұсынған. KMF пен Нұрбанктің кейбір депозиттерінде мөлшерлеме 18,5%, ал Банк ЦентрКредиттің «Рахмет» депозитінде 18,4% болған.
Яғни сәуір айында банктер 20%-дық мөлшерлемені алты айға дейін бекітуге дайын еді. Қазір ең жоғары пайыздардың көбі үш айлық депозиттерге ауысып жатыр. Бұл банктердің жоғары мөлшерлемені ұзақ уақытқа бекіткісі келмейтінін аңғартады.
Неге банктер пайызды азайтып жатыр?
Депозит мөлшерлемелері Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесіне тікелей байланысты. Базалық мөлшерлеме жоғары болғанда банктерге де халықтан қымбат ақша тарту тиімді. Сондықтан олар депозит пайызын көтереді.
Ал базалық мөлшерлеме төмендей бастағанда, банктердің арзан ақшаға деген сұранысы да біртіндеп азаяды. Әдетте бұл өзгеріс бірден емес, бірнеше апта немесе ай өткеннен кейін депозит шарттарынан көрінеді.
Тағы да оқыңыз: Көрші елдерде базалық мөлшерлеме қандай?