Шетелдіктердің Қазақстанға кіруіне қатысты өзгерістер енгізіледі
Жарияланды

Ішкі істер министрлігі иммигранттардың ел аумағында болуы және Қазақстаннан шығу қағидаларына өзгерістер енгізуді көздейтін түзетулер жобасын әзірледі.
Құжатқа сәйкес, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстанға кіруге электрондық рұқсат беріледі.
ІІМ мәліметінше, жаңа жүйе 2026 жылдың тамызынан желтоқсанына дейін кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
Құжат жобасы 17 тамызға дейін «Ашық НҚА» порталында талқыланады.
Сондай-ақ шетелдік ірі жүк көліктері мен жеңіл машиналардың Қазақстанға кіруіне шектеу қойылды, енді олар қазақ шекарасын күніне бір-ақ рет кесіп өте алады. Бұған жанар-жағармай өнімдерін Қазақстан шекарасынан көрші елдерге заңсыз тасымалдайтындардың қатары көбейгені себеп болған.