Солтүстік Кипрде қазақстандық қызды супермаркетте пышақтады
Жарияланды

Қазақстанның 22 жастағы азаматшасы Жанерке Әбдіразақованы Никосия қаласындағы Metropol Market супермаркетінде пышақтаған.
Kriminal_kazakhstan ақпаратына қарағанда, оның жағдайы өте ауыр.
Жергілікті полиция мәліметінше, 3 тамызда сағат 11:45 шамасында белгісіз біреу қызға пышақ сұқан. Артынша күдікті өзін-өзі өлтірмек болған. Екеуі де доктор Бурхан Налбантоглу атындағы мемлекеттік ауруханаға жеткізілген. Қазір дәрігерлердің бақылауында.
Кейбір жергілікті БАҚ шабуыл жасаған адам қыздың бұрынғы жігіті болуы мүмкін екенін хабарлайды. Алайда бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ. Не үшін шабуыл жасалғаны анықталып жатыр.
Айта кететін жайт, Атырау облысында әйелді үш жасар қызының көзінше өлтіріп кеткен еді.