Lifestyle

«Тапсырыспен болып жатыр»: Аша Матай депутаттықтан бас тартпайтынын айтты

Фото: instagram

Танымал тележүргізуші әрі актриса Аша Матай әлеуметтік желіде өзі туралы тараған қаңқу сөздерге қатысты ресми мәлімдеме жасады. Сондай-ақ депутаттыққа немесе құрылтайға үміткерліктен бас тартты деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

Жалған ақпарат пен тапсырыс

Аша Матайдың айтуынша, кейбір тараптар халықты шатастыру мақсатында әдейі жалған ақпарат таратқан.

«Мен туралы жалған ақпарат таратыпты. Кейбіреулер халықты шатастырып, мені өз үміткерлігімді, яғни кандидатурамды алып, депутаттықтан бас тартты деп жатыр. Әрине, бұл мәселе тапсырыспен болып жатыр», – деді ол.

«Мен сынбаймын»

Әнші халықтың сенімін ақтауға дайын екенін және басталған істі соңына дейін жеткізетінін атап өтті. Аша Матай өзінің депутат болып, құрылтайға өтетініне сенімді. 

Оқырмандары мен тыңдармандарын өз арыз-шағымдары мен мұң-мұқтаждарын жазуға шақырды.

«Мен сынбаймын, жігерім мен мінезім жетерлік. Сiздердiң маған артқан жүктерiңiздi Құрылтайға арқалап барамын, сiздер үшiн күресемiн. Құдай қолдасын, ағайын», – деп түйіндеді Аша Матай.

Бұған дейін заңгер Мейірман Шекеев Аша Матайды командасымен бірге дебатқа шақырған еді. Ал Матай болса «тербием жібермейді» деп пікірталастан бас тартқан болатын.