ТЖМ тікұшағы балаға көмек көрсету үшін Қаражалдан Қарағандыға жеткізді
Жарияланды

2020 жылы туған бала шұғыл медициналық көмек көрсету үшін Қаражалдан Қарағандыға ТЖМ тікұшағымен жедел жеткізілді, деп хабарлады ТЖМ.
Санитариялық тасымалдауды санитариялық авиация дәрігерлерімен бірлесіп «Қазавиақұтқару» тікұшағы жүзеге асырды.
Экипаж бен медициналық бригаданың үйлесімді жұмысының арқасында пациент Қарағандыға уақытылы жеткізіліп, медициналық мекеме мамандарына тапсырылды.
Айта кетейік, осыған дейін Іле Алатаудағы шыңға шығу кезінде жарақат алған Ресейден келген екі альпинист қызды құтқарушылар эвакуациялағаны туралы жазған едік.