5 тамызда SpaceX зымыранының қалдығы Айға құлайды

5 тамыз күні Астана уақытымен сағат 11:35-те SpaceX зымыранының қалдығы Айға құлайды. Ол 2025 жылғы қаңтарда ғарышқа ұшырылған.
Былтырдан бері ғарышта қалқып жүрген зымыран сәрсенбі күні үлкен жылдамдықпен Айға құлайды. Мектеп оқушыларын таситын автобуспен шамалас ғарыш қоқысы – 2025 жылғы қаңтарда ұшырылған SpaceX Falcon 9 зымыранының екінші сатысы. Америкалық зымыран Айға арналған модульді ғарышға алып шыққан.
Салмағы шамамен 4 тонна болатын қалдық Айға құлаған уақытта шаң көтеріледі. Бірақ оны Жерден көре алмайсың.
Мәліметтерге қарағанда, зымыран Айдың батысындағы Эйнштейн кратеріне құлайды. Ғаламшардың табиғи серігінің бұл бөлігі жерге анық көріне бермейді.
Тақырыпқа орай: Айға сапар. Артемида III екі апта бойы ғарышта аса күрделі сынақтар өткізеді