Жаңалықтар

5 тамызда SpaceX зымыранының қалдығы Айға құлайды

 SpaceX Falcon 9 зымыраны 2025 жылғы 15 қаңтарда ұшырылған
Бір жарым жыл бұрын ұшырылған зымыран Айға құлайды / фото: REUTERS/Steve Nesius

5 тамыз күні Астана уақытымен сағат 11:35-те SpaceX зымыранының қалдығы Айға құлайды. Ол 2025 жылғы қаңтарда ғарышқа ұшырылған.

Былтырдан бері ғарышта қалқып жүрген зымыран сәрсенбі күні үлкен жылдамдықпен Айға құлайды. Мектеп оқушыларын таситын автобуспен шамалас ғарыш қоқысы – 2025 жылғы қаңтарда ұшырылған SpaceX Falcon 9 зымыранының екінші сатысы. Америкалық зымыран Айға арналған модульді ғарышға алып шыққан.

Салмағы шамамен 4 тонна болатын қалдық Айға құлаған уақытта шаң көтеріледі.

Мәліметтерге қарағанда, зымыран Айдың батысындағы Эйнштейн кратеріне құлайды. Ғаламшардың табиғи серігінің бұл бөлігі жерге анық көріне бермейді.

Тақырыпқа орай: Айға сапар. Артемида III екі апта бойы ғарышта аса күрделі сынақтар өткізеді