Алматыда пәтер иелері мамандардан тегін кеңес ала алады

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Кеңес алу үшін арнайы орындарға бару міндетті/фото: Делия Айдаралиева

Алматыда көппәтерлі үйде тұратындар мамандардан тегін кеңес ала алады. Әкімдіктің хабарлауынша, мұны коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы пәтер иелерінің кооперативтерімен (ПИК) бірлесіп ұйымдастырып жатыр.

Мамандар Меншік иелері бірлестігі (МИБ) мен Пәтер иелерінің кооперативі (ПИК) қызметі, меншік иесі құқығы мен міндеті, басқарушы және сервистік ұйымдармен шарт жасау тәртібін түсіндіреді.

Кеңес алу үшін мына жерлерге бару қажет:

  • Тұрғын үй инспекциясы (Достық көшесі, 85) – сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 09:00-ден 12:30-ға дейін;
  • Түрксіб ауданының Ресурстық орталығы (Т. Сауранбаев көшесі, 2) – дүйсенбі күні сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін;
  • Алматы қаласының ПИК қауымдастығы (12-шағынаудан, 2-үй, 42-кеңсе).

Тегін кеңес пәтер иелеріне, МИБ төрағалары, ПИК өкілдеріне және басқарушы компаниялардың қызметкерлеріне арналған.

Айта кетейік, Отбасы банкі Nest Stroy құрылыс компаниясымен пилоттық жобаны іске қосты. Соған сәйкес әуелі пәтерге кіріп, ипотеканы кейін рәсімдеуге мүмкіндік бар.

Сондай-ақ оқыңыз