Алматыдағы «Халық Арена» аумағында антитеррорлық жаттығу өтеді

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
Алматыдағы «Халық Арена» аумағында антитеррорлық жаттығулар өтеді / Фото: gov.kz

6 тамызда «Халық Арена» көпфункционалды кешенінің аумағында жоспарлы антитеррорлық жаттығулар өтеді, деп хабарлады терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штаб.

Жаттығулар Құлжа тас жолы, 2 мекенжайы бойынша сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін өтеді.

«Жаттығу барысында адамдар көп жиналатын объектілердегі жағдайдың дамуының түрлі сценарийлеріне жедел әрекет ету мәселелері пысықталады. Қауіпсіздік шараларын сақтауды және тартылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз. Сондай-ақ, ресми ақпарат көздерін басшылыққа алып, жалған ақпараттың таралуына жол бермеу керек», – делінген хабарламада.

Алматылықтардан жаттығуларға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және тартылған мемлекеттік органдардың заңды талаптарын орындауды сұрайды.

Бұған дейін 17 сәуірде Алматыда «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешені аумағында да жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығулар өткенін жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз