Екі жылда елдегі орман шаруашылығына 33 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Екі жылда елдегі орман шаруашылығына 33 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды
Орман шаруашылығына 33 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды / Фото: shutterstock

2024 жылдан бүгінгі күнге дейін мемлекеттік ұлттық табиғи парктерді, орман резерваттарын, қорықтар мен орман шаруашылығы мекемелерін заманауи арнайы техникамен қамтамасыз етуге 33,1 млрд теңге бағытталды.

Осы кезеңде табиғат қорғау ұйымдары үшін орман және дала өрттерінің алдын алуға әрі оларды жедел сөндіруге арналған 1 006 бірлік заманауи арнайы техника сатып алынды. Олардың қатарында өрт сөндіру автоцистерналары, жол талғамайтын автокөліктер, түрлі үлгідегі тракторлар және орман қоры мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғауға қажетті өзге де арнайы техникалар бар.

Табиғат қорғау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту олардың өрт қаупі жоғары кезеңге дайындығын арттыруға, өрт ошақтарына ден қою уақытын қысқартуға және табиғи өрттермен күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Бүгінде жеткізілген техника еліміздің барлық өңіріндегі табиғат қорғау мекемелерінде белсенді пайдаланылып келеді. Ол өрт сөндіру бөлімшелерін өрт ошақтарына жедел жеткізуге, аумақтарды патрульдеуге, сондай-ақ орман өрттерінің алдын алу және оларды жою жөніндегі өзге де жұмыстарды тиімді орындауға мүмкіндік береді.



Сондай-ақ оқыңыз