Мұхаммед Салах түркиялық «Трабзонспор» клубына ауысты

Жарияланды
General news бөлімінің журналисі
фото: ашық дереккөз

Түркияның «Трабзонспор» клубы «Ливерпульдің» бұрынғы шабуылшысы Мұхаммед Салахтың Ыстанбұлға келетінін хабарлады.

Клубтың баспасөз қызметі X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында 34 жастағы Мысыр құрамасының капитанымен трансферлік келіссөздер жүргізіліп жатқанын растады.

Трансферлік келіссөздерді бастаған кәсіби футболшымыз Мұхаммед Салах 5 тамыз, сәрсенбі күні сағат 12:00-де Ыстанбұлдағы Ататүрк атындағы әуежайдың жалпы авиация терминалында болады. Ойыншының дәл осы күні кешке Трабзон қаласына ұшып келуі жоспарланған. Сапар бағдарламасының қалған егжей-тегжейі мен кездесу уақыты күн ішінде клубтың ресми ақпараттық арналары арқылы хабарланады», – делінген клуб хабарламасында.

Бұған дейін БАҚ өкілдері Түркия клубы мен шабуылшының арасында 2 жылдық келісімшарт жасалатынын жазған болатын.

Еске сала кетейік, Мұхаммед Салах 2017 жылдан бері «Ливерпуль» сапында өнер көрсетіп, Ағылшын Премьер-лигасы мен Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Ол өткен маусым аяқталғаннан кейін ағылшындық клубтан еркін агент мәртебесінде кеткен еді.

Сондай-ақ оқыңыз