Оралда туысының алтын әшекейлерін ұрлап жүрген күдікті ұсталды

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
Фото:shutterstock; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Орал қаласында полиция қызметкерлері жеке тұрғын үйден алтын зергерлік бұйымдардың ұрлану дерегін ашты.

Polisia.kz хабарлауынша, Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 32 жастағы күдікті анықталып, ұсталды.

«Ол жәбірленушінің туысы бола тұра, үйге еркін кіріп, екі рет алтын әшекейлерді жасырын түрде ұрлаған. Алғашқы ұрлық кезінде қолды болған зергерлік бұйымдарды күдікті ломбардқа өткізіп үлгерген», – дейді полиция баспасөз қызметі.

Ал екінші рет жасаған ұрлықтан кейін көп ұзамай полиция қызметкерлерінің қолына түсті. Қылмыстық іс бойынша барлық заттай дәлелдемелер тәркіленді. Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі – 900 мың теңге.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Айта кететін жайт, ескі Қазақстан байларынан 1 млрд теңгенің зергерлік бұйымдары тәркіленген еді.

Сондай-ақ оқыңыз