ШҚО-да бір ауылды дауыл қиратып кетті

Жарияланды
General news бөлімінің аға журналисі
pexels, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданындағы Малоубинка ауылында болған күшті дауыл тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстарына зақым келтірді.

YK-news.kz хабарлауынша, Глубокое ауданының әкімі Элдар Тумашинов апаттан кейін ауылға барып, келтірілген шығынның көлемімен танысқан.

Әкімнің айтуынша, қатты жел тұрғын үйлер мен шаруашылық нысандарына зақым келтіріп, бірқатар ғимараттың шатырын ұшырып кеткен.

«Дауылдың салдары шынымен де ауыр. Тұрғындарға қазір оңай емес екенін түсінемін. Сондықтан біздің міндет – шығынды бағалап қана қоймай, көмекке мұқтаж адамдарға мүмкіндігінше тез қолдау көрсету», – деді аудан әкімі.

Қазіргі уақытта келтірілген залалдың көлемі нақтыланып жатыр. Жергілікті билік тұрғындарға қажетті көмек көрсетуге уәде берді.

Айта кететін жайт, Алакөлдегі қатты дауыл салдарынан көпбалалы отбасы ағып кете жаздады.

Сондай-ақ оқыңыз