Үміт атты жолбарыстың ауыл маңында жүргені туралы сурет – фейк

Жарияланды
Business news бөлімінің аға журналисі
Үміт атты жолбарыс бостандыққа шықты
Амур жолбарысы Қазақстанға Ресейден жеткізілген / фото: Экология министрлігі

Экология министрлігі әлеуметтік желілерде тараған жолбарыс суретіне қатысты мәлімет таратты. Жақында ғана тордан босатылған Үміт атты жолбарыстың ауыл маңында жүрген суреті фейк болып шықты.

«Әлеуметтік желілерде «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында табиғатқа жіберілген жолбарыс түсірілді деген ақпаратпен фотосурет таралуда. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді», – деп мәлімдеді министрлік.

Желіде жарияланған сурет жасанды интеллект көмегімен жасалған болуы мүмкін.

Министрлік мәліметінше, табиғатқа жіберілген жолбарыс аналығына спутниктік GPS орнатылған. «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары оның орналасқан жері мен жағдайын тәулік бойы үздіксіз бақылауда ұстап отырады.

«Сондықтан жануардың «кездейсоқ түсірілгені» туралы ақпарат шындыққа жанаспайды».

Министрлік азаматтар мен БАҚ өкілдеріне тексерілмеген ақпаратты таратпауға, ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге кеңес берді. Көрінеу жалған ақпарат, сонымен бірге шындыққа сәйкес келмейтін фото және бейнематериал таратушылар жазаға тартылуы мүмкін екенін ескертті.

Естеріңізге сала кетейік, 3 тамызда «Іле-Балқаш» резерватында Үміт атты жолбарыс табиғатқа жіберілген.

Сондай-ақ оқыңыз