Астанада LRT желісін Қосшыға қарай ұзарту жұмыстары басталды
Жарияланды

Астанада LRT желісін Қосшыға дейін ұзарту жұмыстары басталады. Бұл туралы City Transportation Systems (CTS) компаниясы хабарлады.
CTS мәліметінше, Tarlan Astana желісін салуға алғаш рет DF30/245 арнайы техникасы пайдаланылды.
«Техника көмегімен алғашқы темірбетон орнатылды. Бұл жабдық жұмыстың толық циклін атқарады және Қазақстанда алғаш рет қолданылып отыр. Ол көлік қозғалысын шектеу қажеттілігін барынша азайтып, монтаждау жұмыстарын едәуір жеделдетеді», – делінген ақпаратта.
Техника қашықтан басқару пультімен жабдықталған.
Айта кетейік, 1 тамыздан бастап Астана тұрғындары LRT-да қатынау үшін бір айлық жол жүру билетін сатып ала алады. Бір айға арналған жол жүру билетінің бағасы – 7500, ал үш айға 20 000 теңге болып бекітілді.