Астанада марафон үшін кейбір көшелер жабылады

Жарияланды (жаңартылды )
General news бөлімінің журналисі
марафоны
Астанада марафон үшін кейбір көшелер жабылады / unsplash.com, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Астанада жыл сайынғы Jüregımnıñ Jenımpazy фестивалінің өтуіне байланысты бірнеше көше уақытша жабылады, деп хабарлады елорда әкімдігі.

Шара жексенбі, 9 тамызда өтеді. Осыған байланысты:

  • сағат 7.00-ден 08.05-ке дейін – Түркістан көшесінің Abu Dhabi Plaza ғимаратына қарай бағыттағы бір жолағы бойынша;
  • сағат 7.00-ден 07.40-қа дейін – Ұлы Дала даңғылында толығымен;
  • сағат 7.10-нан 09.15-ке дейін – Ақмешіт көшесінің бойымен ЭКСПО алаңындағы мәреге қарай бағыттағы бір жолағы бойынша қозғалыс шектеледі.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өз бағытын алдын ала жоспарлау ұсынылады. Ауқымды шараның өткізілуіне түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Jüregımnıñ Jenımpazy – Қазақстандағы ең ірі қайырымдылық жүгіру жарыстарының бірі. Тоғызыншы рет ұйымдастырылып отырған шара адам өмірін сақтап қалу және трансплантологияны дамыту идеясы төңірегінде мыңдаған қатысушының басын қосады», – делінген хабарламада.

Шараның қатысушылары мен қонақтары шамамен 7000 адамды құрайды. Олар 10, 3 және 1 шақырым қашықтықта өз бақтарын сынай алады. Жүгіру жарысы сағат 7.00-де басталады.

Айта кетейік, осыған дейін Астанада 2026 жылы 26-ға жуық марафон өткізу жоспарланғаны туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз