Бизнес ашқысы келетін алматылықтарға 86,5 млн теңгеге дейін несие беріледі

Жарияланды
General news бөлімінің редакторы
фото: Алматы әкімдігі

Кәсіп ашамын деген алматылықтарға 86,5 млн теңгеге дейін несие беріледі. Қаржыландыруды «Almaty» микроқаржы ұйымы жүзеге асырады, деп хабарлайды қала әкімдігі.

Қаражат екі мақсатта беріледі. Бизнеске инвестиция құю үшін алатын болса несие мерзімі – 7 жылға дейін, ал айналым қаражатын толықтыруға – 3 жылға дейін.

Несие кімдерге беріледі?

 Бағдарлама өндіріс және өңдеу өнеркәсібі, туризм, мейрамхана, қонақүй бизнесі және мектепке дейін білім беру саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге арналған. Олардың ішінде:

  • арнайы салық режимін қолданатын кәсіпкерлер;
  • әлеуметтік кәсіпкерлер, Алматы индустриялық аймағы мен шағын өнеркәсіп парктерінің резиденттері;
  • шағын өнеркәсіп парктерін салу, жәрмеңке, гастрокөше, креативті хаб және коворкингтер ұйымдастырумен айналысатындар;
  • креативті индустрияны және инновациялық бизнес инфрақұрылымын дамыту жобалары жылдық 6% несие ала алады.

Ал басқа бағыттағы шағын және орта бизнес иелеріне жылдық 9%-бен несие беріледі.

Негізгі талап бойынша бизнес тек Алматы қаласы аумағында ғана жүзеге асырылуы керек. Толығырақ ақпаратты мына жерден білуге болады.

Оқи отырыңыз: Алматылықтарға бизнес ашуға 1,7 млн теңгеге дейін грант беріледі

Сондай-ақ оқыңыз