Көлсай көлдеріндегі аспалы жолды салуға қаржы қайдан алынады

Жарияланды
Business news бөлімінің редакторы
Business News бөлімінің аға журналисі
Фото: shutterstock.

«Қазақстанның Даму Банкі» Алматы облысындағы «Көлсай» аспалы жолының құрылысын қаржыландыру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Өтінім индикативті талдаудан өту үшін құжат жинау кезеңінде тұр.

Қарыз алушы ретінде «Компания Строй Индустрия» көрсетілген, ал жобаның бенефициары – Самат Ахман. Жоба туризм саласына жатады.

Сөз ұзындығы 6,3 км болатын, Төменгі және Ортаңғы Көлсайды қосуы тиіс аспалы жол туралы болып отыр. Нысанды салу жоспарлары туралы Алматы облысының билігі бұған дейін хабарлаған болатын.

Әкімдіктің мәліметінше, желі екі учаскеден тұрады: Батан аңғарына дейінгі ұзындығы шамамен 3,5 км және Ортаңғы Көлсай көлінің жоғарғы жағына дейінгі ұзындығы 2,8 км. Кабиналар сегіз орындықты болмақ.

Наурызда Алматы облысы туризм басқармасының басшысы Қуанышбек Мейрамбекұлы инвестор жобаның мастер-жоспарын дайындап, оны Экология министрлігімен әрі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен келістіріп жатқанын мәлімдеді. Сонымен бірге инвестиция көлемі мастер-жоспарды дайындау аяқталғаннан кейін белгілі болатыны хабарланды.

Бұған дейін жобаның инвесторы ретінде «Компания Строй Индустрия» аталған еді. Фирма құрылыс нарығында 2005 жылдан бері жұмыс істейді, құрылыс және жобалау жұмыстарына I санаттағы лицензиясы бар, сондай-ақ тұрғын үй, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қатысқан.

Аспалы жолға арналған жабдықты жеткізуші ретінде аспалы жолдарды жобалауға, өндіруге және техникалық қызмет көрсетуге мамандандырылған қытайлық Hanzhong Daqin Machinery Co., Ltd. компаниясы болуы тиіс. Тараптар арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге 2025 жылдың мамыр айында Қытайдың Ханчжоу қаласында қол қойылған.

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, Көлсай көлдеріне туристик ағын қарқынды өсіп келеді. Егер 2024 жылы табиғи паркке 400 мыңнан астам адам келсе, 2025 жылы көрсеткіш шамамен 600 мың туристке жетті.

Сондай-ақ оқыңыз