Lifestyle

«Өрмекші адам» қазақша сөйледі: танымал туындыны кімдер дыбыстады

фото: Marvel 2026

Суперқаһармандар туралы франшизаның ең танымал кейіпкерлерінің бірі «Өрмекші адам: Жаңа күн» картинасы отандық кинотеатрларға қазақ тілінде жол тартты.

Премиалды форматтағы бұл картинаны дыбыстауға отандық өнер және кино саласының танымал өкілдері қатысты. Әнші Айдана Меденова фильмдегі басты кейіпкерлердің біріне өзінің даусын сыйлады. Айдана өз сұхбатында бұл жобаға қатысқанына өте қуанышты екенін және отбасы мен балалары Өрмекші адам туындыларын ерекше сүйіп қарайтынын атап өтті.

Жобаның дубляж режиссері Шах-Мұрат Ордабаев сондай-ақ фильмдегі кейіпкерлердің бірін өзі дыбыстап шықты.

Бұдан бөлек, Айнұр Ілиясова, Фариза Ескермес, Абулхаир Мадеш те өз кейіпкерлерін дыбыстады. «Өрмекші адам: Жаңа күн» фильмі 6 тамыздан бастап еліміздің барлық кинотеатрында көрерменге жол тартады.

Ал әлемдік прокатта «Өрмекші-адам: Жаңа күн» фильмі алғашқы аптада 927 млн доллар жинап кассалық рекорд орнатты.