Роза Әлқожаға әсіре діншілдер шүйлігіп жатыр

Жарияланды 6 Тамыз 2026 12:45

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General news бөлімінің аға журналисі s.ostemir@kursiv.media
instagram.com/roza_alqozha_fc, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Роза Әлқожа соңғы кездері әсіре діншілдер шүйлігіп, «музыка харам» деген кісінің қамалғаны үшін кінәлап жатқанын айтты.

Айта кететін жайт, бұл видеоны әлеуметтік желіге алғашқылардың бірі болып әнші жүктеген. Оқиға Түркістан облысындағы бір тойда болған. Артынша көрініс үлкен қоғамдық талқыға түскен. Соңында тойда уағыз айтқан адам қамауға алынды. Осыған орай, Роза Әлқожаны айыптаушылардың қарасы көбейген.

«Кешеден бері дауласып жүрміз. Біз де діннен кенде емеспіз. Құдайдан қорқатын пендеміз, Аллаға шүкір. Бауырларымның бәрі – намаздағы жігіттер. Әсіре діншілдер бізге қарсы шығып кеттіпті», – деді әнші.

Роза Әлқожаның айтуынша, «қожа бола тұра, мұсылманға қарсы шықты» деп айыптап жатқандар көп.

«Қожалар ғана емес, бәріміз мұсылманбыз. Әлімсақтан. Бұл жолмен жүре алатын тақуалар бар. Біз сияқты жүре алмайтындар да бар. Кімнің шайтанның ақалақшысы екенін Алла ғана біледі. Біз адам болып жаратылған соң, Аллаға құлшылық етуді нәсіп етсін. Бұл – қоғамның соты. Биліктің құрығы ұзын. Дінді құбыжық көрсетіп, өз тілінен тапты. Бұл да – Алланың қалауы», – деді Роза Әлқожа.

Той үстінде «уағыз» айтқан ер адамға діни және әлеуметтік араздықты қоздыру белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр. Бұл мәселеге Мүфтият арнайы пікір білдірді.

Сондай-ақ оқыңыз