Алтын арзандады: 1 грамм алтын неше теңгеден сатылып жатыр

Қазақстанда алтын бағасы соңғы аптада төмендеді. Ұлттық банк дерегінше, 6 тамызда бір грамм алтынның құны 61 444,62 теңге болды.
Бір апта бұрын, 30 шілдеде бағалы металдың бір грамының бағасы 61 889,33 теңге болған. Осылайша, бір апта ішінде алтынның құны 444,71 теңгеге арзандады.
2026 жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша орталық банктер арасындағы ең ірі алтын сатып алушылардың бестігіне енген еді. Дүниежүзілік алтын кеңесінің мәліметінше, бұл кезеңде Қазақстан Ұлттық банкі алтын резервтерін 15 тоннаға ұлғайтқан.
Жалпы, сәуір-маусым айлары аралығында әлемнің орталық банктері шамамен 289 тонна алтын сатып алды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 62%-ға артық.
Дүниежүзілік алтын кеңесі сұраныстың өсуін геосаяси белгісіздікпен, тоқсан ішінде бағалы металл құнының төмендеуімен және елдердің халықаралық резервтерін диверсификациялауға ұмтылуымен түсіндірді.