Алдағы демалыста күн 35–41°С-қа дейін ысиды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Демалыс күндері ауа райы қайта ысиды
Демалыс күндері ауа райы қайта ысиды / фото: Делия Айдаралиева

Қазгидромет алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Оған сәйкес елдің басым бөлігінде ыстық әрі құрғақ ауа райы күтіледі.

Елдің батысы мен солтүстік-батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалынан жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, кей өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Республиканың шығысында, сондай-ақ оңтүстік және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында барлық күндері оңтүстік циклонның әсерінен жаңбыр жауып, найзағай күтіледі.

Барлық өңір тұрғындарын аптап ыстықтың кезекті толқыны күтіп тұр. Иран аумағынан келетін жылы ауа массаларының әсерінен елдің солтүстігі мен шығысында ауа температурасы 35–39°С-қа дейін, оңтүстігінде 35–41°С-қа дейін, ал батысы мен орталығында 36–41°С-қа дейін көтеріліп, өте қатты ыстық болады.

Сондай-ақ оқыңыз