Бұрыңғы әйелін бейсбол таяғымен ұрып өлтірген ер адам 12 жылға сотталды

Жарияланды
Business news бөлімінің журналисі
Бұрыңғы әйелін битамен ұрып өлтірген ер адам 12 жылға сотталды
Бұрыңғы әйелін битамен ұрып өлтірген ер адам 12 жылға сотталды / Коллаж: Kursiv.media

Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұрынғы әйелін ағаш битамен ұрып өтірген ер адамға қатысты үкім шығарды. Сот оны 12 жылға бас бостандығынан айырды.

Сот мәліметінше, оқиға 2026 жылдың 17 сәуірінде болған. Мас күйдегі айыпталушы үй ауласында кызғаныш салдарынан бұрынғы әйеліне битамен бірнеше соққы жасаған. Алған жарақаттарынан әйел оқиға орнында көз жұмды.

Сот отырысында сотталушы кінәсін толықтай мойындап, өкініш білдірді. Марқұмның бауыры жаза мерзімін соттың қарауына қалдырды.

Сот ер адамды ҚР Кылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша айыпты деп танып, оны орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен 12 жылға бас бостандығынан айырды.

Бұдан бөлек, сот сотталған азаматтан марқұмның бауырының пайдасына 10 млн теңге көлемінде моральдық зиян өтемақысын өндіріп алды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сонымен қатар 2026 жылдың наурыз айында Павлодар тұрғыны 125 млн теңгенің бизнесі үшін әйелін суға батырып өлтіргені анықталған еді.

Сондай-ақ оқыңыз