Жаңалықтар

Бұрынғы әйелін бейсбол таяғымен ұрып өлтірген ер адам 12 жылға сотталды

Бұрыңғы әйелін битамен ұрып өлтірген ер адам 12 жылға сотталды
Бұрыңғы әйелін битамен ұрып өлтірген ер адам 12 жылға сотталды / Коллаж: Kursiv.media

Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұрынғы әйелін ағаш битамен ұрып өтірген ер адамға қатысты үкім шығарды. Сот оны 12 жылға бас бостандығынан айырды.

Сот мәліметінше, оқиға 2026 жылдың 17 сәуірінде болған. Айыпталушы мас болып үй ауласында кызғаныштан бұрынғы әйеліне битамен бірнеше соққы жасаған. Алған жарақаттарынан әйел оқиға орнында көз жұмды.

Сот отырысында сотталушы кінәсін толықтай мойындап, өкініш білдірді. Марқұмның бауыры жаза мерзімін соттың қарауына қалдырды.

Сот ер адамды ҚР Кылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша айыпты деп танып, 12 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Бұдан бөлек, сотталған азаматтан марқұмның бауырының пайдасына 10 млн теңге көлемінде моральдық зиян өтемақы төлеуге шешім шығарды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін 2026 жылдың наурыз айында Павлодар тұрғыны 125 млн теңгенің бизнесі үшін әйелін суға батырып өлтіргені анықталған еді.